Шымкентте білім беру мекемесі бір баскетбол добын 232 мың теңге сатып алмақ болған

Теги: , ,
406

Шымкент қаласында білім беру мекемесі баскетбол добын 232 000 теңгеге сатып алуды жоспарлаған.

Алайда Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2,2 млн теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланудың алдын алды. Бұл туралы қалалық антикордың басшысы Дәурен Ерғарин Facebook парақшасында жазды.

«№90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясы» КММ мемлекеттік сатып алу жоспарында 2,7 млн. бюджет қаражатына 20 доп алуды бекіткен.

Тауардың әрбір бірлігі 2-ден 10 есеге дейін асыра бағаланып есептелген. Мемлекеттік мекеме баскетбол добын 232 мың теңгеге, ал волейбол добын 42 мың теңгеге сатып алуды жоспарлаған» делінген жазбада.

Департамент мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атына жоспардың тармағын қайта қарау туралы ұсыныс хат жолдады. Нәтижесінде 2,2 млн теңгеден астам қаржы үнемделді.

 

Алдыңғы пост
Алматылық такси жүргізушісі шетелдік туристерден 800 доллар алған
Келесі пост
Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға 94 млрд теңге бөлінген

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu