Шымкентте бір отбасы мүшелері есірткі сатумен айналысқан

309

Шымкентте азаматтық некедегі ерлі-зайыптылар мен келіншектің алғашқы некедегі ұлы есірткі сатуды кәсіп еткен. Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында «Телеграм» әлеуметтік желісінде есірткі таратып келген интернет-дүкен анықталған.

«Аталған қылмысты жасауға қатысты деген күдікпен 3 адам құрықталды. Оның екеуі 41 және 35 жастағы азаматтық некедегілер болса, қалған біреуі әйелдің бірінші некеден туған 21 жастағы ұлы болып табылады. Заңсыз табысты отбасылық кәсіп еткендер біршама уақыттан бері интернет желісінің мүмкіндігін пайдаланып, есірткі заттарын тұтынушыларға ұсынып келген. Тергеу барысында электрондық төлем жүйесі арқылы есірткіге тапсырыс қабылдап, оны жасырын орындарға қалдыру әдісімен таратқаны белгілі болды» деп атап өтті ведомстводан.

Күдіктілердің Шымкент қаласындағы және Түркістан облысындағы тұрғылықты мекенжайларын тексеру кезінде есірткі қылмыстарын таратуға қатысты техникалық құралдар, электрондық таразылар, банк карточкалары, ұялы телефондар, есірткі заттарын бөлшектеуге және орауға арналған түрлі материалдар, тіркелмеген қару мен оқ-дәрілер, сондай-ақ 68 дана дайын есірткі заттары тәркіленген. Сонымен қатар, есірткі жасырылған орындардан қосымша тағы 2 есірткі заттары алынған.

Сараптама қорытындысына сәйкес, аталған заттар есірткінің синтетикалық түріне жататыны расталып, жалпы салмағы 37 грамды құрады.

Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігімен (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Алдыңғы пост
Павлодарда ауыл тұрғындары 35 тонна астықты ұрлап кеткен
Келесі пост
Батыс Қазақстанда жол апатынан екі адам көз жұмды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu