Шымкентте көлік нөмірін ауыстырып, айласын асырған жүргізуші оңбай ұсталды

Теги: , ,
318

Шымкентте көлік нөмірін ауыстырып, бейнекамералардан жасырынған жүргізуші ұсталды.

Жедел басқару орталығының қызметкерлері “Қорғау” қосымшасы арқылы Темірлан тас жолы бойында жалған нөмірлі автокөлік жүргені туралы хабарлама алған. Бейнебақылау инспекторлары құқық бұзушыны ұстау үшін патрульдік полиция экипажына бағыт-бағдар берді.

Polisia.kz жазуынша, автокөлікті тоқтатқан кезде тәртіп сақшылары жүк салғыштан көлікке тиесілі мемлекеттік тіркеу белгісінің түпнұсқасын тапқан. Жол камераларындағы жазбалардан көлік қалаға өз нөмірімен кіріп, біраз уақыттан кейін оны жалған нөмірге ауыстырғаны анықталды.

Mercedes-Benz автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісіне қатысты Әкімшілі құқықбұзушылық туралы кодекстің 590-бабының 4-бөлігі (Көлік құралын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша хаттама толтырылды. Оның жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жалпы сомасы 100 мың теңгеден астам төленбеген айыппұлы бар екендігі анықталды.

Жүргізушінің көлігі айыптұраққа қойылды. Жинақталған іс-құжаттар мамандандырылған сотқа жіберілді. Заңға сәйкес, көлікті көрінеу жалған нөмірмен басқарғандарға 5 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу және бір жылға жүргізуші куәлігінен айыру жазасы қарастырылған.

Алдыңғы пост
Шымкенттік құтқарушылар 83 жастағы қарияға көмектесті
Келесі пост
Түркістан облысында тау шыңынан құлап кеткен туристің денесі әлі табылмай жатыр

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu