​Шымкентте киім дүкенінен 97 футболка ұрлаған әйел сотталды

Теги:
332

Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотында 24 жастағы тұрғынға қатысты сот үкімі шықты.

Ол Шымкент қаласының аумағындағы ірі сауда үйінен бірнеше рет киім ұрлағаны үшін кінәлі деп танылып, үш жылға бас бостандығынан айырылды.

Әйел азаматша сауда орнындағы киім-кешек сататын дүкендерді аралап жүріп, сату залынан 97 дана футболканы алып, олардың әрқайсысының арнайы магниттерін жұлып тастаған. Содан дүкен ішінен киімдерді өзінің сөмкесіне салып, жасырын білдірмей алып шыққан. Келтірілген жалпы шығын көлемі – 700 мың теңгені құрады.

“Тергеу барысында тұрғынның өзі ұрлаған киімдерді базарға апарып, бейтаныс адамдарға сатқаны белгілі болды. Ал ақшаны баласының ем-домына жұмсаған. Басты сот талқылауында сотталушы өзіне тағылған айыпты толығымен мойындап, өкінетінін жеткізген”,-деді Шымкент қалалық Полиция департаментіндегілер.

Сот сотталушының қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайларын, жасаған қылмысының қоғамға қауіптілігінің сипаты мен дәрежесін, оның жеке басының деректерін ескере келе, азаматшаға «бас бостандығынан айыру» түріндегі жазаны қолдану қажет деп тауып, 3 жылға үкім кесті.

Алдыңғы пост
Шымкентте 59 жастағы әйел аялдама жанындағы шұңқырға түсіп кетті
Келесі пост
Үздік өңірдің қос кәсіпорыны «парыз» сыйлығына ие болды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu