Шымкентте қоймадан киім-кешек ұрлап кеткен жігітке сот үкімі шықты

362

Шымкентте қоймада тұрған киім-кешектерді жымқырып кеткен жас жігіт сотталды.

Полицияға жергілікті тұрғын ұрлық қылмысының құрбаны болғанын айтып арызданған. Айтуынша ол өзіне тиесілі қоймадан белгісіз біреу құны 600 мың теңге тұратын киім-кешектерді қолды еткен.

Полицейлер аталған деректі ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Қоймаға заңсыз кіру арқылы жасалған ұрлық) бойынша тіркеді. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті  ұсталды. Ол бұрын сотты  23 жастағы қала тұрғыны болып шықты.

Белгілі болғандай, жас жігіт алдын ала қылмыстық жоспар құрып, түн ортасында қоймаға құлыпты бұзу арқылы кірген. Кейін іштегі киім толы екі чемодан мен үлкен сөмкені алып, ізін суытқан.

“Тергеу барысында жинақталған құжаттар мен айғақтар сотқа жолданды. Жәбірленушіге келтірілген шығын толық өтелді. Сот айыпталушыға қатысты 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады” делінген полиция мәліметінде.

Алдыңғы пост
Шымкентте денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау басталды
Келесі пост
«Қызбен жүруге рұқсат етпейді». Шымкентте жоғалған 6 жасөспірім табылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu