Шымкентте саяси қуғын-сүргін құрбандарының рухына тағзым етілді

339

Шымкенттіктер саяси қуғын-сүргін құрбандарының рухына тағзым етті. 

Бүгін, 31 мамыр – ел тарихындағы ең азалы кезеңнің бірін еске алу күні. Осыған орай “Қасірет” мемориалында саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған іс-шара өтті. Қала әкімі Мұрат Әйтенов, зиялы қауым өкілдері, жергілікті тұрғындар еліміздің жарқын болашағы жолында тағдыр тауқыметін тартқан ұлт мақтаныштары мен арда азамттардың рухына құрмет көрсетті. Іс-шара алдымен ана мен бала ескерткішіне тағзым етуден басталды. Көпшілік саяси-қуғын сүргінге ұшыраған нәубет құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.  Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер хабарлады.

Айта кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау үшін 2020 жылы арнайы мемлекеттік комиссия құрылған болатын. Оңтүстiк Қазақстан, қазіргі Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша 2500-ден аса адам «Халық жауы» ретінде атылды. Бүгінде Шымкент қаласы Полиция департаментінің арнайы мемлекеттік мұрағатындағы қуғын-сүргінге ұшыраған 563 азаматтың құжаттары толық ақтау бойынша қаралуда.

Еске салсақ, қолданыстағы заңнамаға сәйкес саяси қуғын-сүргін құрбандарына және саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен деп танылған азаматтарға 2003 жылдан бастап біржолғы ақшалай өтемақы төленеді. Биыл бұл мақсатқа 1,3 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған.

«2003-2022 жылдар аралығында республикалық бюджеттен 2,9 млрд теңге сомасында біржолғы ақшалай өтемақы төленді. Өтемақы мөлшері 2 588 теңге мен (3/4 АЕК) 345 000 теңге (100 АЕК) аралығында. 2023 жылға республикалық бюджетте аталған мақсаттарға 768 мың теңге қарастырылған», – деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты Әлеуметтік көмек департаментінің директоры Айнұр Абдырахманова.

Бұдан басқа, саяси қуғын-сүргін құрбандарына, сондай-ақ саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен, мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын адамдарға әлеуметтік төлемдердің өзге де түрлеріне қарамастан 1,07 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (2023 жылы – 3 692 теңге) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.

«2005 жылдан бастап 2022 жылға дейінгі кезеңде республикалық бюджеттен 15,5 млрд теңге сомасында арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленді. 2023 жылы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 1,3 млрд теңге жоспарланған. Биылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 28 316 жаппай саяси қуғын-сүргін құрбаны және саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен азамат арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алды», – деді Айнұр Абдырахманова.

Сонымен қатар, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап саяси қуғын-сүргін құрбандары, саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен, мүгедектігі бар немесе зейнеткер болып табылатын адамдар арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны Әлеуметтік кодекс шеңберінде 1,23 АЕК (2023 жылы-4 244 теңге) мөлшерде  алады.

Жыл сайын Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай жергілікті атқарушы органдар саяси қуғын-сүргін құрбандары мен зардап шеккендерге біржолғы материалдық көмек көрсетеді. 2023 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен 3 828 азаматқа 3 692 теңгеден 30 000 теңгеге дейінгі мөлшерде 48,6 млн теңге сомасында біржолғы материалдық көмек көрсетіледі.

Алдыңғы пост
Алдағы күндері +43°С дейін аптап ыстық болады
Келесі пост
Былтыр Қазақстанда 133,5 мың адам қайтыс болған

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu