Шымкентте шетелдік азамат аяусыз соққыға жығылды

345

Шымкентте Сомали елінің азаматы аяусыз соққыға жығылды. Той-томалақта өнер көрсетіп, нәпақа тауып жүрген шетелдікті бір топ жігіт мазарат маңына апарып, аяусыз соққының астына алған көрінеді. Бұл туралы @ШымкентОнлайн Telegram-каналы жазды.

Сомали азаматы Абдуллаға орта жастағы ер кісінің тапсырысымен бір топ адам тап берген екен.


Шетелдіктің Қазақстанда тұрып жатқанына 6 жылдан асқан. Осы аралықта қазақ тілін меңгеріп те алыпты.

«Біз бірге жұмыс істеген той ұйымдастырушысы табыстың басым бөлігін өз қалтасына салып жүрді. Есімі – Еркебұлан. Арамызда қазақ тілін мен ғана білгендіктен, оған барып, табысты о баста келісілгендей үлестіруді сұрадым»,-дейді ол.

Бірақ той ұйымдастырушысына шетелдіктің бұл өтініші ұнамапты. Сол үшін оны өзінше жазаламақ болған көрінеді.

«Ол мейрамхананың бірінде той болатынын, сонда өнер көрсету керектігімізді айтып, алдап шақырды. Мен барғанымда онда бір топ жігіт күтіп алды. Олар мені ұрлап кетіп, мазарат маңында қатты соққының астына алды. Көп ұзамай барлығын полиция ұстады. Өздері және туыстары менен кешірім сұрап келді. Сол кезде олар бұл Еркебұланның тапсырысы екенін айтты. Мен, әрине, оларды кешірдім. Өйткені жап-жас балалар ғой»,-деді жәбірленуші.

Шетелдік азаматтың айтуынша, полицияға арыз жазылса да ондағылар өзін ұрып-соғуға тапсырыс беруші ер кісіні босатып жіберген. Сомали азаматы тергеудің әділ жүруін сұрайды.

«Оның ұялы телефонында маған шабуыл жасаушыларға жазған жазбалары бар. Онда менің бет-әлпетімнен  қатты ұрудың қажеті жоқтығын, аяғым мен қолымды сындыру керектігі жазылған. Негізі шетелдіктердің бұлай таяқ жеуі маған дейін де болған. Олар ашық айтудан қорқатын. Мен барлығы заң аясында болғанын қалаймын» деп сөзін түйіндейді ол.

Полицейлер бұл оқиға мазарат маңында емес, тойханада болғанын алға тартты.

ІІМ Telegram-каналындағы ақпаратқа сенсек, Сомали азаматына бір топ адам жабылмаған. Ол өзіне таныс боп келетін Қазақстан азаматымен төбелескен.

«Мән-жайды нақтылау мақсатында төбелеске қатысушылар полицияға жеткізілді. Алайда кейіннен шетелдік азамат өзінің танысына қатысты арызданудан бас тартқан. Сондай-ақ продюсеріне де ешқандай шағымы жоқ екенін жеткізді”, – делінген ведомство мәліметінде.

Алдыңғы пост
Қарағандыда ер адам әйелмін деп танысып, 33 жастағы тұрғынды алдап кеткен
Келесі пост
Алматыда лифт құлап, жұмысшы көз жұмды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu