449
Шымкентте түнгі клубтардың бірінің алдында жаппай төбелес болды. Бұл туралы полицияға куәгерлер хабарлаған.
Шақырту орнына шұғыл жедел тергеу тобының қызметкерлері барды. Полицейлер қақтығысты дер кезінде тоқтатты.
Белгілі болғандай, жанжал мекеменің кіреберісінде үш ер адамның өзара ерегісіп қалуынан басталған. Екі тарап та арызданудан бас тартыпты. Дегенмен, тәртіп сақшылары бұзақылық жайты орын алғанын ескере отырып, аталған деректі ҚР ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігі бойынша тіркеді.
Полиция хабарлауынша, төбелеске қатысқандардың барлығына қажетті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.