366
Полицейлердің мәліметінше, жігіт өзіне қол салып, жіпке асылып қайтыс болған.
102 қызметіне қараусыз қалған ғимараттан жас жігіттің мәйіті табылғаны туралы хабарлама 21 шілде күні келіп түскен.
Қалалық Полиция департаментіндегілер, бұл жайт бойынша қылмыстық іс қозғады.
«Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК-нің 105-бабымен (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) тіркелді. Мәйітке сот-медициналық сараптама тайғайындалды. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жалғасуда»,-делінген департамент мәліметінде.