Шымкентте толассыз жауған жаңбырдан бірнеше жерді су басып қалды

Теги: , ,
420

Шымкентте жауған жаңбыр суы тұрғындарды әбігерге салды. Төтеншеліктердің хабарлауынша, қазіргі таңда қолайсыздықтар қалпына келтірілді.

ТЖД мәліметінше, қала аумағында 27-28 тамызда ведомствоның жеке құрамы жалпы 8 мекенжай бойынша су шығару жұмыстарын атқарды.  Нәтижесінде 367 текше метр су шығарылды. Бұл бағыттағы жұмыстарға 12 техника, 11 мотопомпа және 37 адам жеке құрам жұмылдырылды.

«Абай ауданы бойынша жалпы 5 мекенжайда 310 текше метр, Әл-Фараби ауданы бойынша жалпы 1 мекенжайда 2 текше метр, Еңбекші ауданы бойынша  жалпы 1 мекенжайда 10 м3, Қаратау ауданы бойынша  жалпы 1 мекенжайда 25 м3 және Тұран ауданы бойынша  жалпы 2 мекенжайда 20 текше метр су шығарылды» деп хабарлады ТЖД.

Шымкент қалылық ТЖД жеке құрамы толық дайындыққа келтіріліп, күшейтілген режимде жұмыс атқарған. Алдағы уақытта ауа райының өзгеруіне байланысты болуы мүмкін төтенше жағдайлардың салдарын жою мақсатында Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы мен техникасы дайындыққа келтірілген.

Алдыңғы пост
Арман Қапезовты еске алу «Ер есімі – ел есінде»
Келесі пост
Ақтөбеде жол апаты кезінде шетелдік ер адам көз жұмды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu