Шымкенттік тұрғын досының беделін түсіретін ақпаратты таратпау үшін 100 000 доллар талап еткен.
Қаратау ауданының тұрғыны полицияға бопсалау туралы арызбен жүгінді. Жас жігіт өзін әлеуметтік желінің белгісіз қолданушысы қорқытып, 100 мың доллар талап еткенін көрсетті. Әйтпесе оның интимдік сипаттағы жеке суреттері мен видеоларын интернетке жариялаймын деп уәде еткен.
Өз беделіне алаңдаған жігіт келісіп, оның нұсқауын орындап, бопсалаған соманың 10 миллион теңгесі салынған сөмкені көшелердің біріндегі темір құбырдың астына қалдырған.
Күдіктіні бірнеше сағаттан кейін ақшаны алуға келген кезде полицейлер қылмыс үстінде ұстады.
Аталған жайт ҚР ҚК 194-бабы 4-бөлігі бойынша СДТБТ тіркелді. Ұсталған адам өзінің досы болып шықты. Күдікті қамауға аынды, тергеу амалдары жүргізілуде.
Белгілі болғандай, досының мас күйін пайдаланған жолдасы оның смартфонындағы жеке суреттері мен бейнежазбаларын өзіне өткізіп алған.