331
Шымкентте диспетчерлік қызметтің “101” пультіне жиһаз цехындағы өрт туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға Еңбекші ауданындағы Қойкелді батыр көшесінде кеше, 13 қарашада күндізгі уақытта болған.
Өрт сөндірушілер жалпы ауданы 750 шаршы метрді құрайтын жиһаз цехындағы шатырдың жануын анықтады. Өрттің жалпы көлемі 290 шаршы метрді құрады. Қызыл жалын 13.31-де сөндірілді.
«Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Қызыл жалынды сөндіруге өрт сөндіру қызметінің 38 қызметкері мен 9 техника, Апаттар медицинасы орталығы филиалының бір бригадасы жұмылдырылд» делінген қалалық Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінде.