325
Шымкентте патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жыл басынан бері жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін бұзған 6930 азаматты анықтады. Оларға заңға сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.
«Аталған жаяу жүргіншілер Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 615-бабымен (Жаяу жүргіншілердің және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы) жауапкершілікке тартылды. Айта кетейік, заңнамаға сәйкес бұл құқықбұзушылық 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынуға әкеп соғады» делінген полиция мәліметінде.
Тәртіп сақшылары жаяу жүргіншілер мен көлік тізгіндеген жүргізушілерге жол үстінде өз өмірін қатерге тікпеуге және тиісті ережелер мен сақтық шараларын қатаң ұстануға кеңес береді.