Шымкенттік бойжеткен 10 тұрғынды оп-оңай алдап кеткен

330

Түркістан облысының полицейлері алаяқтық қылмысының 10 фактісіне қатысы бар күдіктіні ұстады. Тарқатып айтқанда, Арыс аудандық   полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Жәбірленуші әйелдің айтуынша,  оған танысы кәсіпкерлік үшін мемлекет тарапынан қайтарымсыз ақша  алып беремін деп жеке басын анықтайтын құжаттарын сұратқан. Арада 1 ай уақыт өткенде белгісіз біреудің өзінің атынан онлайн несие  алғанын біледі. Содан жергілікті тұрғын өзінен құжаттарын сұраған бойжеткеннен күдіктеніп, тез арада полицейлерден мән-жайды анықтауға көмек берулерін сұраған. Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.

Күдікті тұрғылықты мекенжайынан ұсталды. Ол жұмыссыз, бұрын сотты болған Шымкент қаласының тұрғыны  болып шықты.

«Бойжеткен оңай жолмен ақша табу мақсатында мемлекеттен қайтарымсыз несие әперемін деп бірнеше тұрғынды алдап үлгерген. Сезіктінің жалпы 10 жайт алаяқтық қылмысына қатысы бары анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 600 мың теңгеге жуық. Ол қаражатты өзінің қажеттілігі үшін жұмсап жіберген. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты  тергеу амалдары жүргізілуде» деп атап өтті облыстық Полиция департаментіндегілер.

Алдыңғы пост
Ұлттық ұлан офицері жылдың ең үздік маманы атанды
Келесі пост
Қызылордалық әйел көпірден секіріп көз жұмды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu