Шымкенттік студент есірткімен ұсталды

187

Шымкентте кезекті рейд барысында қала аумағындағы көпқабатты үй аулаларының бірінде ірі мөлшердегі есірткі заттарын өзімен бірге алып жүрген 20 жастағы студент ұсталды.  Жас жігіт Солтүстік Қазақстан облысынан Шымкент қаласына оқуға келген. Осындағы жоғары оқу орындарының бірінде 3-курста оқып, жалдамалы пәтерде жалғыз өзі уақытша тұрып жүрген.

Жеке тінту барысында студенттің сөмкесінен полиэтиленді пакетке салынған ақ түсті ұнтақ тәріздес есірткіге ұқсас зат табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат «мефедрон» есірткі заты екендігі расталып, жалпы салмағы 495 грамды құраған.

Сонымен қатар тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде оның пәтеріндегі сейфтің ішінен 20 дана полиэтиленді пакеттерге оралған есірткіге ұқсас тағы 300 грамнан аса сол секілді заттар тәркіленіп алынған.

Қазіргі таңда күдіктінің үйінен алынған заттарға қатысты қосымша сараптама тағайындалды.

«Бүгінде аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 296-бабының 4-бөлігімен (аса ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды» деп атап өтті қалалық Полиция департаментіндегілер.

Алдыңғы пост
Таразда қоқыс жәшігінен нәрестенің мәйіті табылды
Келесі пост
ХҚКО-ға жұмысқа тұрмақ болған шымкенттік 1,2 млн ақшасынан айырылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu