Шымкенттік жас жігіт жалған түбіртек көрсетіп, тегін ас ішіп кетіп жүрген

Теги: , , ,
309

Шымкентте 30 жастағы жігіт қоғамдық тамақтану орнында тегін ас ішіп, азық-түлікке ақша үнемдеуді шешкен. Кассирлерге төлем жасау кезінде ол электронды аударымның жалған түбіртектерін көрсетіп, екі күн ішінде 5-6 рет тегін тамақтанған.

Тұрақты келушіге алданғанын білген дәмхана қызметкерлері бұл туралы полицияға хабарлаған. Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 190-бабы «алаяқтық» бойынша тіркелді.

Тәртіп сақшылары мекеме камераларындағы бейнежазбаларды тексеріп, күдіктінің жеке басын анықтап, жас жігіттің қозғалыс бағытын нақтылаған.

Үш күндік іздеу жұмыстарының нәтижесінде тегін тамақ ішуге әуесқой азамат қала аумағында ұсталды.

«Ұсталған адам  көктемде тонау қылмысын жасағаны үшін сот тағайындаған бас бостандығын шектеу жазасын әлі де өтеп жатқаны белгілі болды. Аталған жазаның өтелмеген мерзімін қосу арқылы сотталушы 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды»,- деді Тұран АПБ-ның анықтаушысы Ернұр Әбубәкір.

Алдыңғы пост
Кәсіптің кілтін тапқан Шымкенттік Шербек
Келесі пост
TikTok-та құмар ойындарды ұйымдастырғандар сотталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu