Студенттер кез келген мәселені оқу ордасындағы қоғамдық қабылдау орталықтарына жолдай алады

Теги:
170

Қазақстандағы жоғары оқу орындарында қоғамдық қабылдау орталықтары өз жұмысын бастады. Орталыққа студенттер мен оқытушылар жаңа идеялары мен ұсыныстарын жолдап, өздерін қызықтыратын сұрақтарына жауап ала алады. Қоғамдық қабылдау орталығының басты мақсаты – ақпараттық ашықтықты қамтамасыз ету, студенттер мен оқытушылардың өзекті мәселелерін шешу, сондай-ақ олардың сенімін нығайту.

Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі қоғамдық қабылдау орталығының ашылу салтанатына ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатысты.

«Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында жалпыұлттық келісімді, билік пен қоғамның әріптестігін нығайтуды тапсырды. Жоғары оқу орындарындағы Қоғамдық қабылдау студенттермен, ұжыммен, қоғаммен тиімді қарым-қатынас жасау үшін құрылған. Бұл басшылыққа білім алушылармен және олардың ата-аналарымен, академиялық қоғамдастықпен тығыз қарым-қатынас орнатуға және барлық мәселелерді жедел шешуге көмектеседі», – деп атап өтті ведомство басшысы.

Қоғамдық қабылдауға өтінішті жазбаша немесе аудио-видео өтініш түрінде, сондай-ақ мессенджерлер немесе QR код арқылы жіберуге болады.

Мәселен, ЕҰУ-дың қоғамдық қабылдауына өтініштерді университеттің барлық оқу ғимараттарында орналастырылған QR-код арқылы онлайн режимде жіберуге болады. QR-ды сканерлеу, өтінішті толтыру және сұрақты жіберу жеткілікті. Өтініш бірден орталыққа кеп түседі, жауап онлайн режимде келеді. Осылайша, ЕҰУ-да цифрлық сервистердің сапасын жақсарту және білім беру процесінің түгел қатысушыларына қолайлы жағдай жасау бойынша жұмыстар белсенді түрде жүргізілуде.

Сондай-ақ, студенттер, ата-аналар және оқытушылар министрліктің бірыңғай колл-орталығына 1450 нөмірі бойынша хабарласуына болады.

Алдыңғы пост
Шымкент әкімі әкімшілік-іскерлік орталықтағы құрылыс жұмыстарын аралады
Келесі пост
Шымкентте ер кісі өз әйелін тонап кетті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu