354
Шымкентте 43 жастағы ер кісі суицид жасамақ болды. Оқиға 28 қыркүйекте кешкі сағат 22.30 шамасында болған.
№2 өрт сөндіру бөліміне қыз бала келіп, әкесінің қараусыз қалған ғимараттың 5-қабатынан секіргелі жатқанын айтып, көмек сұраған.
Қалалық ТЖД мәліметінше, қарауыл бастығы Марлен Сейілбек өрт сөндіруші Уалихан Жүсіппен бірге тез арада оқиға орнына барып, биік қабаттан секіріп, өз-өзіне қол жұмсамақ болған 1980 жылғы ер азаматты құтқарып қалды. Олар ер кісіге одан әрі түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, отбасына қайтуына көндірген.
Ер кісінің мұндай қадамға баруына өмірден түңіліп кетуі себеп болған көрінеді.