Түлкібаста ішіп алған тұрғын танысының көлігін күштеп тартып алған

Теги:
200

Түркістан облысы Түлкібас ауданында автокөлік ұрлады деген күдікпен жергілікті тұрғын ұсталды. Жәбірленушінің айтуынша, танысы таңғы сағат 5:30 шамасында оның “ВАЗ” маркалы көлігін заңсыз айдап кетіп, белгісіз бағытқа жасырынған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Түлкібас ауданының учаскелік полиция инспекторлары автокөлікті ұрлады деген күдікпен бұрын сотталған, жергілікті тұрғынды анықтады.

«Белгілі болғандай, күдікті сол сәтте мас болған. Содан жеке тасымалдаумен айналысатын танысының көлігін күшпен тартып алып, қашып кеткен. Бұл жайт Қылмыстық кодекстің 200-бабы “Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу” бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, оқиғаның толық мән-жайы анықталуда» деп атап өтті облыстық Полиция департаментіндегілер.

Алдыңғы пост
​Шымкентте ескі тұрғын үйлерді жаңарту бойынша бірегей жоба жүзеге асырылуда
Келесі пост
​Шымкентте 29 жастағы жігіт ірі көлемде есірткімен ұсталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu