457
Түркістан облысы Түлкібас ауданында жеке кәсіпкер мұқтаж және асыраушысынан айырылған, көпбалалы отбасы балаларын қуантты.
Қайырымды азамат Балықты, Арыс ауылдық округтері мен өзінің туған жері Қараағашты ауылындағы 70 балаға мектеп формасы мен оқуға қажетті құрал-саймандарды тарту етті. Бұл тауарларды алуға кәсіпкер 2,5 млн теңге жұмсаған.
Жалпы аудан бойынша қайырымды жандардың арқасында 700-ге жуық бала оқу жылы қарсаңында қажеттіліктермен қамтылған.