Шымкент қаласында жыл соңына дейін 22 мыңға жуық тұрғын сапалы электр жарығымен қамтылатындығы айтылған болатын. Дегендей-ақ, мегаполис орталығынан алыс орналасқан елдімекеннің тұрғындары коммуналдық қызметтерге біртіндеп қол жеткізуде. Мәселен, Қаратау ауданына қарасты Тұран елді мекені тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамтудың екінші кезеңдегі құрылысы 2021 жылы басталған. Қазіргі уақытта құрылыс жұмысы толығымен аяқталды. Сондай-ақ, тұрғын үйлерді мемлекеттік желіге қосу жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек, құжаттары дайын үйлерге абоненттеу жұмысыда қарқынды бағыт алды. Құрылыс жұмыстары кезінде 86,5 шақырым электр желісі тартылды. Сонымен қатар, 21 электр трансформаторы мен 3 078 электр бағаналары орнатылды. Абоненттеу жұмыстарының нәтижесімен барлығы 3 058 абонент сапалы электр қуатымен қамтылатын болады. Тұрандықтар бұған дейін электр қуатын тұтыну барысында 25-30 теңге аралығында төлем жасаса, бұдан былай тариф құны 17,9 теңгеге түседі. Айта кетейік, 2022 жылдың қорытындысымен Достық, Тұран, Нұртас, Сәуле, Жаңаталап, Солтүстік саяжай елді мекендері сапалы электр қуатымен қамтылады. Нәтижесінде, 22 мыңға жуық халық сапалы электрмен қамтылуға мүмкіндік алып, көрсеткіш 98 пайызға жетеді. Айта кетейік, Шымкент қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшыларының мәліметінше, шаһардағы 81 елді мекеннің 73-і сапалы электр энергиясымен қамтылған. Ал, қалған сегізінде электр қуаты сапасыз саналған болатын. Дегенмен, қаланың энергетикалық әлеуетін 2025 жылға дейін дамыту жоспарына сәйкес, қуат таратушы 6 қосалқы станция салу жоспарлануда. Жалпы, 2023 жылы мегаполистегі барлық елді мекен сапалы электр қуатымен 100 пайыз қамтылады деген жоспар бар.
Тұран елді мекені тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамту үшін абоненттеу жұмысы басталды
340
Видео
Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді