Түркістан облысында 40 рет жол ережесін бұзған жүргізуші ақыры ұсталды

288

Түркістан облысы аумағында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Мақсат – автокөліктерге тексеру жүргізіп, әкімшілік айыппұлдан жалтарып жүрген жүргізушілерді анықтау.

Осы бағытта жұмыс жүргізіп жатқан Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 7 тәулікте 3 миллион теңгенің айыппұлын өндірді. Яғни, тексеру кезінде жол ережесін бұзғаны үшін өздеріне тағайындалған айыппұлды белгіленген мерзімде төлемегендер анықталды. Сондықтан бұл азаматтардың автокөліктері айыптұраққа қойылды. Мәселен, тәртіп сақшылары аудан көшелерінің бірінен «LADA PRIORA» маркалы автокөлікті тоқтатқан. Жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында оның 40 рет жол ережесін бұзып, 700 мың теңгеден астам төленбеген айыппұлы бары анықталды. Көлік бірден айыптұраққа қойылып, берешегі толығымен өндірілді.

Алдыңғы пост
Алматылық ер адам жалған доллармен криптовалюта сатып алмақ болған
Келесі пост
Жамбылда есірткі жинап жүрген үш алматылық қолға түсті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu