Түркістан облысында 63 жастағы әжей мата сататын дүкеннен ақша ұрлап кетті

Теги:
346

Түркістан қаласында мата сататын дүкенде сөресінде тұрған сөмке ішінен ақша ұрлап кеткен әжей ұсталды.

Облыстық Полиция департаментіне арызданған сатушы сөмкесінің ішінен 130 мың теңге ұрланғанын айтып арызданған. Тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларының көмегімен өзгенің ақшасын қолды еткен күдіктіні анықтады. Ол Жамбыл облысының тұрғыны болып шықты. Бір тәулік ішінде күдікті ұсталды. Айғақты зат ретінде қолды болған ақша тәркіленіп алынып, заңды иесіне қайтарылған.

«Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркелді. Белгілі болғандай, 65 жастағы зейнеткер дүкенге мата алу үшін келген. Содан соң айналасында адамдардың жоқтығын пайдаланып, сөмкедегі ақшаны алып кеткен. Зейнеткер бұрын сотты болған. Бүгінгі таңда ол қамауға алынып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде»,-деді департаменттегілер.

Алдыңғы пост
Қазақстан азаматтары кез келген жерде жеке куәліктің электрондық нұқсасын қолдана алады
Келесі пост
Семейде кәріз құдығынан екі адамның мәйіті табылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu