Түркістан облысының полицейлеріне Сайрам ауданының тұрғындарының бірі жеңгетайлықпен айналысатыны туралы шұғыл ақпарат келіп түскен. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде екі әйел ұсталды. Олардың екеуі де аталған ауданның тұрғындары болып шықты. Біреуі профилактикалық есепте тұрады.
«Ұсталған әйелдер жезөкшелікпен айналысу үшін қыздарды жалдаумен айналысқан. Содан жеңіл жүрісті қыздарды баспана, тамақпен қамтамасыз етіп, оларға клиенттер іздеген. Тексеру кезінде тәртіп сақшылары қонақ үйлердің бірінде клиенттерге интимдік қызмет көрсету үшін жіберілген екі жеңіл жүрісті қызды анықтады» деп атап өтті Полиция департаментіндегілер.
Бұл факт Қылмыстық кодекстің 309-бабы (Жезөкшелікпен айналысу және жеңгетайлықпен айналысу үшін притондарды ұйымдастыру немесе ұстау) бойынша тіркелді. Заттай дәлелдемелер ретінде күдіктілерден ақшалай қаражат тәркіленген. Қазіргі уақытта жеңгетайлық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.