338
Түркістан облысында ер адам танысын алдап, оның банк қосымшасынан несие рәсімдеп алған, деп хабарлайды Polisia.kz.
Түлкібас ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын шағымданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, танысы оның атына бір миллион теңге несие рәсімдеп жіберген.
Жәбірленуші тез арада тәртіп сақшыларынан осы жағдайдың толық мән-жайын анықтауға көмек берулерін сұрайды.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді.