Түркістан облысындағы бақташы 11 млн теңгені малын сатып жіберген

336

Түркістан облысы Ордабасы ауданында 11 миллион теңгенің малын сатып жіберген бақташы анықталды. Ордабасы аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша,  отар қойының ішінен 221 бас қой мен 3 бас сиыры жоғалған. Ол осы жылдың тамыз айында  малын жергілікті тұрғынға бағуға сеніп тапсырған. Алайда 3 айдан соң төрт түлікті санағанда бір бөлігі жоқ болып шыққан.

Polisia.kz  жазуынша, бұл жайт Қылмыстық кодекстің 189-бабы (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша тіркелді. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында мал ұрлығына қатысы бар бақташы ұсталды. Ол бұрын сотты болған Ордабасы ауданының тұрғыны болып шықты. Анықталғандай, күдікті ер адам қой мен сиырдың көп бөлігін иемденіп, оны сатып жіберген. Ал ақшасын өз қажеттілігіне жұмсаған. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 11 миллион теңгеден асты. Қазіргі уақытта бөтен мүлікті иемдену және ысырап ету фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Алдыңғы пост
Павлодар автовокзалында Алматы тұрғынын пышақтап кетті
Келесі пост
Жамбылда 13 қару мен 350-ге жуық патрон табылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu