Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Ол үйінде жүрген мүмкіндігі шектеулі 46 жастағы әпкесінің белгісіз бағытқа шығып кеткенін және қайта оралмағанын айтқан. Туыстары әйелді өз беттерінше іздеп, нәтиже шықпағаннан соң полициядан көмек сұраған.
«Аталған жайт бойынша тергеуші, полиция аға лейтенанты Айбек Пернебек жедел іздестіру іс-шарасын жүргізді. Соның нәтижесінде бір тәулік ішінде жоғалған әйел табылып, отбасымен қауышты. Анықталғандай күндізгі уақытта орта жастағы әйел үйінен шығып кетіп, көше бойында жүрген. Сондай-ақ полицейлер әйелдің түн ортасы болғанда көршісінің үйіне ескертпестен кіріп, қонғанын анықтады»,-деді облыстық Полиция департаментіндегілер.
Жоғалған тұрғынның туыстары полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.