Түркістанда пәтер ұрлығымен айналысып келген әккі ұрылар ұсталды

20

Түркістан қаласында әккі ұрылар жергілікті тұрғындардың үйіне ұрлыққа түсіп келген. Полицияға жәбірленушілердің бірі арызданған. Ер адамның айтуынша, белгісіз біреулер оның үйіне кіріп, ақша, алтын бұйымдары мен парфюмерия және қол сағатын ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі жарты миллион теңгеден асқан.

Осындай шағыммен полицияға тағы бірнеше жәбірленуші жүгінген. Олардың да үйлерінен ұрылар құнды заттарды жымқырылған.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ұрлық жасаған күдіктілер ұсталды.  Сезікті екеу Түркістан қаласының тұрғындары болып шықты.

Күдіктілер жәбірленушілердің үйлерінде ешкім жоқ екеніне көз жеткізіп,  терезе арқылы кіріп отырған. Кез-келген құнды заттарды, техниканы, алтын бұйымдар мен ақшаны қолды еткен. Содан кейін ұрланған бөтеннің мүлкінің бір бөлігін ломбардқа өткізіп, ал ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған.  Тергеу барысында жас жігіттердің жалпы шығын көлемі 2 миллион теңгеден асатын 10  пәтер ұрлығына қатысы бар екені анықталды.

«Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 188-бабы “Ұрлық” бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Полицейлер олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоқтығын анықтауда» деп атап өтті облыстық Полиция департаментіндегілер.

Алдыңғы пост
ПРЕСС-АНОНС «Жеңімпаз рухы» ұлттық спорт сыйлығын табыстау рәсімі
Келесі пост
Жамбылда екі тұрғын жас жігіттен тұрақты түрде ақша бопсалап келген

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu