Түркістандық ер кісі ауыл тұрғындарын 30 миллион қарызға батырған

Теги: , , ,
493

Түркістан облысы Сауран ауданындағы тұрғындар алаяқтың құрбаны болды. Күдікті ер кісі оларды мемлекеттен қайтарымсыз несие алып беремін деп 30 миллион қарызға батырған.

Аудандық полиция бөліміне алаяқтың құрбаны болған 40-тан астам ауыл тұрғыны шағым түсірді. Олардың айтуынша, таныс ер адам мемлекеттен қайтарымсыз несие алуға көмектесетінін айтып, алдын ала әрқайсысынан 300 мыңнан 2 миллионға жуық ақшаларын алған.  Одан кейін алаяқ бір жыл бойы берген уәдесін орындамай не ақшасын қайтармай әбігерге салған.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктінің жеке басын анықталып, полицияға жеткізді. Ол бұрын сотты болған жұмыссыз, түркістандық тұрғын болып шықты. Тергеу барысында ұсталған ер адам алдау жолымен алған 30 миллионға жуық  қаражатты өзінің қажеттілігіне жаратып жібергенін мойындады.

Полиция департаментінің хабарлауынша, күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Алдыңғы пост
Шымкент қаласы Тұран ауданында ауыз суы бар 13 субұрқақ орнатылады
Келесі пост
5 жасар қыз зорлады деген күдікті қамауға алынды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu