Түркістандық кәсіпкер 150 оқушыға мектеп формасы мен кеңсе тауарларын алып берді

Теги:
214

Түркістан облысында «Мектепке жол» қайырымдылық шарасына белсенді атсалысып жатқан кәсіпкерлер саны артуда. Солардың бірі – облыстық өзбек этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары, «Үлес» қайырымдылық қорының төрағасы Райымжан Қошқаров. Кәсіпкер әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына демеушілік жасады.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, қайырымдылық шарада кәсіпкер жағдайы төмен, көпбалалы отбасында тұратын 150 оқушыға мектеп формасы мен кеңсе тауарларын (дәптерлер, қалам, сызғыш, церкуль, бояу, түрлі түсті қалам, түрлі түсті журнал, сурет дәптер, қалам ұштағыш, желім т.б.) алып берді.

1 тамызда басталған «Мектепке жол» акциясы 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Шараның алғашқы 15 күнінде облыс бойынша 778 балаға жалпы 19 млн 309 мың теңгеге демеушілер тарапынан материалдық көмек берілген.

Алдыңғы пост
Алаяққа сеніп қалған кәсіпкер депозитіндегі 15 млн теңгесінен айырылды
Келесі пост
Пәтерде ер мен әйелді өлтіріп кеткен күдікті ұсталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu