Түркістандық жігіт әкесінің атынан жасырын түрде несие рәсімдеп алған

Теги:
355

Түркістан облыстық Полиция департаментіндегілер әкесі – жәбірленуші, ал ұлы – күдікті болып отырған қылмыстық іс туралы хабарлады.

Полицейлерге жергілікті тұрғын арызданған. Жәбірленуші ер азаматтың айтуынша, оның атынан белгісіз біреу ақшалай онлайн несие алып, 1 миллион теңгеге жуық шығын келтірген. Ал ер кісі бұл туралы арадан 1 айдай уақыт өткен соң, яғни «банктен несиеңізді төлеңіз» деп хабар келгенде ғана білген. Полицейлер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алған.

«Түркістандық полицейлер арызданушының шағымына сәйкес, орын алған алаяқтық қылмысын ашып, күдіктіні анықтау мақсатында қажетті іс-шараларды жүргізді. Тексеру жұмыстары кезінде полицейлер осы қылмысқа қатысы бар күдіктінің жеке басын анықтады. Ол жәбірленушінің ұлы болып шықты. Белгілі болғандай, ұлы қоңырау соғу үшін әкесінің ұялы телефонын сұрап алып, сол сәтте банк қосымшасымен несие рәсімдеген»,-деді Полиция департаментіндегілер.

Алдыңғы пост
​​3-сыныптан бастап қой бағып, қарбыз еккен шенеунік әкім болды
Келесі пост
Шымкенттегі Әл-Фараби ауданы биыл толығымен сапалы интернетпен қамтылады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu