​Тәттіқұмар әйел дүкеннен шоколад ұрлап кетті

Теги: ,
228

Астанада 32 жастағы тұрғын супермаркеттен 18 дана «Мерси» шоколадын жымқырған. Бұл туралы «Сарыарқа» аудандық полиция басқармасына дүкен өкілі хабарласқан.

Ұрлық жасады деген күдікпен 32 жастағы қала тұрғыны ұсталды.

«Тергеу барысында күдіктінің Біржан сал көшесінің бойындағы супермаркеттердің біріне келгені анықталды. Содан ол сөреден 18 дана шоколадты сөмкесіне салып алып, супермаркеттен шығып кеткен. Ұрлық орын алған сәт бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Жалпы келтірілген шығын көлемі 33 мың теңгені құрады» деп атап өтті Полиция департаментіндегілер.

Аталған фактіге сәйкес «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азаматша өз кінәсін мойындаған. Қазіргі таңда оның елорда аумағында осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы тексеріліп жатыр.

Алдыңғы пост
​Өмірден түңіліп кеткен бойжеткен көпірден секіріп өлмек болды
Келесі пост
​Зейнеткер әжей қарт тұрғындарды сазға отырғызып кеткен

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu