Талдықорғанда 38 жастағы тұрғын оқушы қыздың қыр-соңынан қалмай аңдыған. Осылайша ол жасөспірімге азғындық әрекет жасамақ болыпты.
Көп ұзамай кішкентай қызға шабуыл жасады деген күдікті ұсталды.
“Полицейлерге көшелердің бірінде белгісіз адам 12 жасар оқушыны аңдып, тиіспек болғандығы туралы хабар келіп түскен. Шабуыл сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Күдіктінің нақты белгілерінің бірі оның қызыл күртешесі болды. Күдікті бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған 38 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Ер адам Талдықорған қаласының полиция бөліміне жеткізілді», — делінген Полиция департаментінің мәліметінде.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 124-бабы (жас балаларды азғындық жолға түсіру) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған адамның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілетін болады.