Тапа-тал түсте көлік ұрлап кеткен ер кісі полицейлерге ұсталып қалды

163

Абай облысында ұрланған көлік бірнеше күннен кейін Жамбыл облысынан табылды. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше,  8 желтоқсанда Абай облысы Шар қаласының 62 жастағы тұрғыны полицияға жүгінген. Оның айтуынша, сағат 16:00 шамасында белгісіз адам оның “Chevrolet Cobalt” маркалы көлігін ұрлап кеткен.

Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 200-бабы 1-бөлігімен (Автокөліктi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйым із иеленіп алу) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Көлік құралының деректері көрсетілген бағдарлар барлық Полиция департаменттеріне жолданған.

Жамбыл облысының полицейлері “Батыс Еуропа – Батыс Қытай” республикалық маңызды автожолының 347 – шақырымында бағдарда көрсетілген сипаттамаға сәйкес келетін “Chevrolet Cobalt” маркалы автокөлігін тоқтатты.


Тексеру барысында 33 жастағы жүргізушінің көлік құралын басқаруға тиісті құжаттары жоқ екендігі және көліктің Шар қаласынан ұрланғандығы анықталды.

Қазіргі таңда Меркі аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Абай облысы Полиция департаментіне істi өткiзу бойынша құжаттар жинауда.

Алдыңғы пост
Өзінің бұрынғы жұмыс орнынан 6 млн теңге үптеп кеткен жас жігіт сотталды
Келесі пост
«Басымды қатырма»: Желіде дөрекі полицейлердің видеосы пайда болды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu