Таразда уәдені үйіп-төккен жалған адвокат ақша алған соң қашып кеткен

Теги:
351

Таразда 41 жастағы әйел бейтаныс ер азаматқа алданып қалғанын айтып, полицейлерге арызданған.

Жәбірленушінің айтуынша, ол танысына қатысты жүргізіліп жатқан қылмыстық іске көмек көрсету үшін заңды өкілі есебінде қорғаушы жалдайды. Соттың өндірісіндегі іс бойынша адвокаттық қызмет көрсету үшін оған сұрауы бойынша 500 000 теңге ақша береді. Бірнеше күн аралығында істің мән-жайын толық анықтаған ер кісі мәселені шешу үшін тағы 100 000 теңге жіберуін сұрапты. Алайда өзін “қорғаушымын” деп таныстырған тұрғын сұраған қомақты қаражатты алған соң хабарсыз кетіп, байланысқа мүлдем шықпаған.

Жамбыл Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жедел- іздестіру шаралары барысында күдікті ретінде Тараз қаласының 36 жастағы тұрғыны анықталған.

“Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі таңда оған қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігімен (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде”,-деді Полиция департаментіндегілер.

Алдыңғы пост
Шымкент қаласының әкімшілік-іскерлік орталығында биыл сегіз үй тапсырылады
Келесі пост
​Шымкентте әлеуметтік нанның бағасы тұрақты болып қала береді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu