Тойда заманауи әнге жұлқынып тұрып билеген ата желіні жарды

260

Тойлардың бірінде ортаға шығып, жастардан қалыспай заманауи әнге билеген қария желіде қызу талқыланып жатыр. Оның видосын қырғызстандық шоумен Таңатар Ахматов ТікТок парақшасында жариялады. Бейнежазбадан сақал-мұртын өсірген қарияны көруге болады. Көзілдірік таққан ақсақал алғашында Майкл Джексонның әніне түрлі іс-қимылмен билеп, той қонақтарын таң қалдырады. Кейін ортаға жастардың бірі шығып, қарт ер кісімен билеп жарысады. Осы сәтте асаба оларды тоқтатады.

Видеоны көрген желі қолданушылары ақсақалдың биіне тәнті болды.

«Маған атаның биі ұнады», «Мәссаған, мықты», «Жарайсыз», «Тойды жарды ғой», «Супер», «Күшті», «Заманауи ақсақал екен», «Сөз жоқ», «Кейбір жастардың өзі бұлай билей алмайды», «Көп жасаңыз», «Маған да қартайған шағымда осылай билеп жүруді Алла нәсіп етсін» деп жазды желі қолданушылары.

Алдыңғы пост
Ақтауда кішкентай екі қызды көлік қағып кетті
Келесі пост
Шымкенттегі медицина академиясы ынтымақтастықты кеңейтуде

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu