«Тойыңды болдырмай қоямыз»: Шымкентте күйеу жігіттен екі қыз ақша бопсалаған

Теги: , ,
300

Шымкентте күйеу жігіт ақша бопсалаушылардың құрбаны болды. Екі қыз «қалыңдыққа опасыздық жасаған» видеоны көрсетеміз деп ақша талап еткен. Шарасыз күйге түскен жігіт полицейлерден көмек сұраған.

Жәбірленушінің айтуынша, екі қыз оның ескі танысы екен. Ер адамды алдап үйіне шақырған. Жігіт пәтерге кірген бойда қыздардың бірі болып жатқан жайтты жалған сипаттап, оны видеоға түсіре бастаған.

Жігіттің алдағы үйлену тойын білген құрбы қыздар күйеу жігіттен видеоны өшіру үшін 200 мың теңге талап етіп, жазбаны қалыңдыққа көрсетеміз, тойыңды бұзамыз деп қорқытқан.

Сүйіктісін жоғалтқысы келмеген жігіт  олармен келісімге келіп, оқиға туралы полицияға хабарлаған. Тәртіп сақшылары қыздарды қылмыс үстінде ұстады.

«Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы «Қорқытып алу» бойынша тіркелді. Қазіргі таңда Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Оның нәтижесімен іс бойынша процессуалдық шешім қабылданады», — деді тергеуші Жалғас Халила.

Алдыңғы пост
Кентауда 58 адам тамақтан уланды
Келесі пост
ХҚКО-да шымкенттіктердің некеге қалай тұра алатыны түсіндірілді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu