Жамбыл облысында 34 жастағы әйел әкесінің 600 мыңнан астам теңгесін ұрлап алған. Бұл туралы 60 жастағы тұрғын полицейлерге арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, қызы бір апта ішінде ұялы телефондағы банктің мобильдi қосымшаcының көмегімен жеке есеп шотынан ақшаны аударып алыпты. Оқиға Шу ауданында болған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 34 жастағы күдікті ұсталды. Ол өз кінәсін мойындады.
«Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нiң 188-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Осы баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарын тарту жазасын көздейді. Сонымен қатар дәл осы бапта сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту немесе үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған» деп атап өтті Жамбыл облыстық Полиция департаментіндегілер.