434
Қызылорда маңындағы тас жолда жол апатынан үш адам қайтыс болды. Оқиға күндізгі уақытта Қызылорда-Павлодар А17 тас жолының 120 шақырымында орын алған.
Полиция хабарлауынша, жеңіл автокөлікпен КАМАЗ жүк көлігі соқтығысқан. Үш адамның өмірін қиған жол апаты бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр.