327
Жаңаөзенде келісімшарт негізіне еңбек етіп жүрген әскери қызметші өз бөлмесінде асылып өлді. Белдікке асулы тұрған мәйітті әріптесі тапқан. Lada.kz жазуынша, оқиға Жаңаөзен ҚР Ұлттық ұланының 5548 әскери бөлімінің жатақханасында болған.
19 жасар сарбаз 2021 жылдан бері Ұлттық ұлан қатарында. Ол Ақтөбе облысынан келген. Байланыс бойынша маман-сапер болып қызмет еткен.
«Марқұмның өлімі туралы туыстарына хабар берілді. Қазір мән-жайды анықтаумен айналысып жатырмыз. Бұл, әрине, қайғылы оқиға», – деді Ақтау гарнизонының әскери прокуроры Еран Құткожа.