Жамбылда 137 бас асыл тұқымды малды сатып жібергендер ұсталды

209

Жамбыл облысы Қордай аудандық полиция бөліміне мүйізді ірі қара мал өсірумен айналысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің  46 жастағы төрағасы жүгініп, мал ұрлығының орын алғаны жөнінде шағымданған. Ер адам өз арызында 2021 жылдың қазанынан ағымдағы жылдың тамызына дейінгі аралықта жоғалған асыл тұқымды сиырларын ұрлауға малшы мен көрші шаруа қожалық  басқарушысының қатысы бар деп баяндаған.

Жәбірленушінің арызы бойынша полицейлер Қылмыстық кодекстің 188-1-бабы 4-бөлігімен (Мал ұрлығы) сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Күдікті ретіне Шу ауданының және  Алматы қаласының тұрғындары ұсталды. Күдіктілер кінәсын толық мойындады.

«Тергеу барысында күдіктінің бірі  мал ұрлығы туралы  алдын-ала жоспарлағаны анықталды. Осы мақсатта ол екі табын малды әдейі қосып жіберіп, біріктіріп баққан. Кешке қарай басқа малшымен малды бөліп,  соңында бірнеше бас малды өзіне қарай білдіртпей  айдап  жіберіп отырған. Түнде ол артық  мал басын табыннан бөліп алып, оларды көрші шаруа қожалығына айдап апарған, ал оның жетекшісі  одан әрі ұрланған малды сатқан»,-деді Жамбыл облысының полицейлері.

Күдіктілер ұзақ уақыт бойы барлығы 137 бас  ірі қара малын ұрлап әкеткен. Келтірілген жалпы шығын көлемі  109 600 000 теңгені құрады. Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Алдыңғы пост
Жетісуда 5 жасар қызын өлтірген ана мен оның сыбайласына үкім оқылды
Келесі пост
Оралдық бойжеткен дүкеннен ерлердің аяқ киімін киіп кеткен

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu