Жамбылда екі тұрғыннан жарты тоннаға жуық есірткі табылды

377

Жамбыл облысының полицейлері Тұрар Рысқұлов ауданының Қызылшаруа ауылынан 60 шақырым қашықтықтағы құмды аумақта «Ваз-2121» маркалы автокөлігін тоқтатқан. Көлікті 47 жастағы жүргізуші тізгіндеген. Автокөлікті тексеру кезінде жүк салғыштан 2 қапшық «гашиш» есірткі заты табылды. Сонымен қатар ер кісінің көлік тоқтатылған жерден 2 шақырым жерде целлофаннан екі «күркеше» жасап, 36 қап «марихуана» мен 1 қап «гашиш» есірткі заттарын жинап қойғаны анықталды. Сондай-ақ, есірткі құралдарын илейтін екі елек анықталды.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы 472 келіден асқан. Оның ішінде 369 келі 588 гр «кептірілген марихуана» және 102 келі  760 гр «гашиш» болып шықты. Күдікті ретінде  47 және 30 жастағы тұрғындар ұсталған.

«Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігімен(Аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Күдіктілер өз кінәлерін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, – деді Жамбыл облыстық Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

Алдыңғы пост
Қайтарымсыз грант алмақ болған келіншек қомақты қаржысынан айырылды
Келесі пост
Шымкент гарнизонында кезекті әскерге шақырылушылар әскери ант қабылдады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu