Жамбыл облысы Жаңатас қаласындағы “Қазфосфат” ЖШС зауытынан ұзақ уақыт бойы дизель отыны ұрланып келген. Оны ұрлаумен айналысқан қылмыстық топтың әрекетiне полицейлерге тосқауыл қойды.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 1-тармағымен (ірі мөлшерде жасалған ұрлық)сотқа дейінгі тергеу iсi басталды.
Ұрлықты ұйымдастырушы Түркістан облысының 34 жастағы тұрғыны екені белгілі болды. Зауыт қызметкерлерінің қатысуымен күдіктілер ұзақ уақыт бойы ірі көлемде ұрланған дизель отынын әкетiп отырған.
“Күдіктілердің тұрғылықты жерін тінту нәтижесінде 10 тоннаға жуық дизель отыны, сондай-ақ жанар-жағармай тасымалдау және айдау үшін пайдаланылған автокөлiктер мен арнайы жабдықтар тәркіленді. Сонымен қатар, тегіс ұңғылы мылтықтың кесіндісі алынды” деп хабарлады обылстық Полиция департаментіндегілер.