439
Жамбыл облысы Талас аудандық полиция бөліміне Майтөбе ауылының 26 жастағы тұрғыны арызданған. Электрик болып жұмыс істейтін жас жігіттің айтуынша, есеп құралдарының көрсеткіштерін жинап жатқан кезде белгісіз біреу оның “Ниссан” маркалы көлігін ұрлап кеткен.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігімен (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу ) тіркелді.
Ұрланған көлік “Тараз-Қаратау” тас жолында тоқтатылды. Жүргізуші мас күйде болған. Ол ветеринарлық дәріхананың жанында иесіз көлікті көргенін және туыстарына барғысы келгенін айтқан. Ер адам өз кінәсін толық мойындады.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.