​Жаркентте Mitsubishi мен жүк көлігі соқтығысып, бір адам мерт болды

Теги: ,
436

Жетісу облысы Жаркентте кісі өлімімен аяқталған жол апаты орын алды. Volvo жүк көлігі және Mitsubishi Pajero соқтығысты. Оқиға орнында жеңіл көліктің 50 жастағы жолаушысы қайтыс болды. Көліктің 37 жастағы жүргізушісі де апаттан зардап шекті. Ол ауруханаға жеткізілді.

Полицейлердің мәліметінше, Қонаев – Ходжамьяров көшелерінің қиылысында Mitsubishi Pajero жүргізушісі бағдаршамның тыйым салу белгісін елемей, Volvo жүк көлігімен соқтығысуға жол бергені алдын ала анықталды.

Қазір екі көлік те арнайы автотұраққа қойылды. Қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу басталды.

Алдыңғы пост
​Ақмолалық әйел криптоалаяқтардың құрбаны болды
Келесі пост
​Бойжеткен жас жігітке көмектесемін деп сан соғып қалды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu