​Жас қызға сенген шымкенттік жарты млн теңгесінен айырылды

Теги:
333

Шымкент тұрғыны мемлекеттен қайтарымсыз грант аламын деп алаяқтың құрбаны болды. Әйел азаматын өз танысы сазға отырғызып кеткен. Уәдеі күте-күте шаршаған ол полицияға арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, танысы мемлекет тарапынан 5 миллион теңге көлемінде қайтарымсыз қаржы алып беремін деп, 500 мың теңгесін санап алған. Алайда ақшаны алған соң хабарсыз кеткен. Жәбірленушінің арызы Қылмыстық кодекстің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Күдікті азаматшаны тәулік ішінде қала аумағында қолға түсті. Ол Шымкент қаласының 25 жастағы тұрғыны болып шықты, жұмыссыз. Бұрын-соңды сотты болмаған.

«Тергеу барысында бойжеткен заңсыз әрекетке қаражаттан қысылғандықтан барғанын және бұл үшін өкінетін жеткізді. Күдікті алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген. Тергеу амалдары жүргізілуде»,-деді қалалық Полиция департаментіндегілер.

Алдыңғы пост
​Шымкентте жиһаз цехында өрт шықты
Келесі пост
​Қорғаншылық: Шымкентте балаларды қамқорлыққа алу кезінде нені білу керек

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu