Жас жігіт пен бойжеткен зейнеткердің 7,5 млн теңгесін өздеріне аударып алған

Теги: ,
378

Жамбыл облысының орталығы Таразда 80 жастағы қария есепшотындағы қомақты қаржысынан айырылды. Жәбірленушінің айтуынша, шілде айында банкке барып, 1 миллион теңгесін депозитке салмақшы болған. Кезек күту кезінде белгiсiз ер адам оған көмек көрсетемін деп сеніміне кіріп, қарияның есепшотының нөмерін біліп алған. Содан бері есепшоттағы түрлі соманы өзiне аударып алып отырған. Бүгінгі күнге дейін 7 миллион 365 мың теңге аударылған.

Қалалық полиция қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру шаралары нәтижесінде Жуалы ауданының 20 жастағы азаматы мен 18-дегі бойжеткен анықталды.

«Күдіктілер өз кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қылмыстық кодекстің 188-бабымен(Ұрлық ) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде»,-деді облыстық Полиция департаментіндегілер.

Алдыңғы пост
​Астаналық ер кісі сүйіктісінің көлігін өртеп жіберді
Келесі пост
​Алматыда полицейлердің тұрғындармен төбелесі видеоға түсіп қалды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu