«Әжемді сағындым»: Шымкентте 10 жасар бала жоғалып кетті

Теги: , ,
219

Шымкентте 10 жасар бала күндізгі уақытта аулада серуендеу үшін үйінен шығып қайта оралмаған. Бірнеше сағаттан кейін анасы дабыл қағып, ұлын достары мен көршілерінен сұрастыра бастаған.

Өз бетінше жүргізген іздеу жұмыстары нәтиже бермеген соң баланың анасы түнде полициядан көмек сұраған.

Полиция мәліметінше, жоғалған оқушының жүрген жерін анықтауға Тұран аудандық ПБ-ның барлық жеке құрамы жұмылдырылыпты.

«Тәртіп сақшылары мекен-жайға жақын орналасқан жасөспірімдердің жиі болатын жерлерін, саябақтарды, ойын алаңдарын, сауда нүктелерін тексеріп, сыртқы бейнекамералардың жазбаларын қарады. Іздеу жұмыстары жарты күнге созылды. Нәтижесінде, баланың тұрғылықты жерінен 10 км қашықтықта қаланың шетіндегі әжесінің үйіне жаяу жеткені анықталды. Жасөспірім анасына аман-есен қайтарылды. Ол өз әрекетін әжесін қатты сағынуымен түсіндірді» деп хабарлады полициядан.

Алдыңғы пост
Ақтаулық кинолог халықаралық жарыстың күміс жүлдегері атанды
Келесі пост
Шымкенттік медбикелер GPS құрылғысымен жұмыс істеуде

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu