Жеті жыл бойы 19 адамның жалақысын алып отырған бас дәрігерге сот үкімі шықты

Теги: , ,
327

Алматыда жеті жыл бойы қағазда бар, бірақ іс жүзінде жұмыс істемейтін 19 адамның жалақысын алып келді деген айыппен емхананың бас дәрігері сотталды. Үкім Медеу ауданының №2 аудандық сотында оқылды.

Қалалық соттың мәліметінше, тек бас дәрігер емес, емхананың өзге де қызметкерлеріне аса ірі мөлшерде жымқыру арқылы бөтеннің мүлкін ұрлады деген айып тағылған.

2015 жылдың сәуір – 2022 жылдың  наурыз айларының аралығында емхананың бас дәрігері мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлға бола отырып, бас бухгалтер және кадрлар бөлімінің инспекторымен алдын ала қылмыстық келісім орнатқан. Іс жүзінде жұмыс істемейтін 19 тұлғаны қызметке тағайындау туралы бұйрықтарды рәсімдеу жөніндегі іс-әрекеттерге басшылық еткен. Ресми түрде рәсімделген қызметкерлердің шоттарына ай сайын еңбекақыны есептеп аударып отырған. Кейіннен оны өз меншігіне айналдырып, өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Олар құқыққа қайшы әрекеттері арқылы мемлекетке 79 млн  теңгеден астам шығын келтірді.

Залалды өтеу шараларын ескере отырып, бас бухгалтер мен кадрлар бөлімінің инспекторы 7 жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Кадрлар бөлімінің инспекторына 5 жыл мерзімге материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айыру түрінде қосымша жаза тағайындалды. Ал бас бухгалтер 5 жыл мерзімге бухгалтерлік қызметпен айналысу құқығынан айырылды.

Сот бас дәрігерге 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде жазасын өтейтін болады. Ссондай-ақ мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Алдыңғы пост
Шымкент халқының 80% – дан астамы ММС жүйесінде тіркелген
Келесі пост
Шымкент сүңгуірлері жаңа жабдықты сынады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu