Жетісайлық ер кісі қарындасын сазға отырғызып кетті

160

Түркістан облысы Жетісай ауданының тұрғыны туыс қарындасының атынан несие рәсімдеп, сазға отырғызып кетті. Жәбірленуші әйел бұл туралы мүлдем хабарсыз болған. Банктен «900 мың теңге көлемінде несие алғансыз, қарыңызды төлеңіз» деген хабарлама келген кезде ғана төбесінен жай түскендей күй кешкен. Содан дереу полицияға арызданған. Жедел жүргізілген жұмыстардың нәтижесінже күдікті ұсталды. Жәбірленушінің атынан тауарлай  несие алып, қарыз еткен туыс ағасы болып шықты. Ол қарындасының  сеніміне кіріп, оның ұялы телефоны арқылы түрлі байланыс құралдарына тапсырыс беріп, банк рұқсат бергеннен кейін өзінің мекен-жайын жазу арқылы алаяқтық жасаған.

«Күдікті ер адамның бұдан басқа 7 қылмыстық жайтқа қатысы бары белгілі болды. Жалпы жәбірленушілерге келтірілген шығынның көлемі – 7 миллион теңге. Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, полицейлер оның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоқтығын анықтау үстінде» деп атап өтті облыстық Полиция департаментіндегілер.

Алдыңғы пост
Үшінші мегаполистің тұрғындарына бұдан былай ЭЦҚ қажет болмайды
Келесі пост
Шымкентте өндірілетін сусындар қымбаттай ма?

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu